Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Үкімет тарапынан Жамбыл өңіріне медициналық препараттарды сатып алуға 536.9 миллион теңге бөлінген

158 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Коронавирусқа қарсы штаб отырысында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев коронавирусты инфекцияға қарсы іс-шаралардың ағымдағы жағдайы туралы ақпараттармен бөлісті. 6 сәуірдегі ахуал бойынша карантиндік режимдегі госпитальда 1190 адам жатыр. Үй карантиніне 813 адам алынған.

Үкімет тарапынан Жамбыл өңіріне медициналық препараттарды сатып алуға 536.9 миллион теңге бөлінген

Облыс бойынша науқас және ауруға күдікті азаматтар үшін 1364 төсек-орын дайындалған десек, оның 490-ы резервте тұрғандар. Инфекцияның алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Жамбыл облысына медициналық препараттарды сатып алуға 536.9 миллион теңге бөлінген. Бүгінде 3 мың экспресс-тест сатып алынған. Ержан Жылқыбаев өңірдегі фармацевтикалық фабрикада және шағын цехтарда медициналық маскалар шығарылуда екенін жеткізді.

Ал, Тараз қаласында карантин енгізілуіне байланысты қабылданған іс-шаралар барысы туралы қала әкімі Айтқазы Қарабалаев мәлімдеді. «7 сәуірден бастап облыс орталығында карантин енгізіледі. Осыған байланысты жедел штаб құрылды, оның құрамына полиция, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау  және басқа да қызметтердің өкілдері кірді. Қала периметрі бойынша 7 блок-бекет орнатылды. Олар қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Карантин кезінде барлық автокөлік түрлері мен азаматтардың қозғалуы, қоғамдық көлік қозғалысы шектеледі», деді қала әкімі. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев

«Ең алдымен, халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Бұл мақсатта газеттер мен телеарналарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілерді, басқа да мүмкіндіктерді пайдалану қажет. Инфекцияның алдын алу бойынша брошюралар мен жаднамалар шығарып, жаппай тарату керек», деді ол.

Сондай-ақ Бердібек Сапарбаев тиісті сала басшыларына блок-бекеттерінің жұмысын күшейтуді, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуды тапсырды. Бекеттердің бейнебақылау камераларымен, тиісті ғимараттармен жабдықталуы тиістігін айтты. 

 

Жамбыл облысы