Аймақтар • 07 Сәуір, 2020

Қызылорда: Дерттілердің дерегін таратқандар тергеліп жатыр

617 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап облыста қылмыс азайған. Бұл туралы бүгін облыс прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаев хабарлады.  

Қызылорда: Дерттілердің дерегін таратқандар тергеліп жатыр

Он алтыншы наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін барлығы 341 қылмыс тіркеліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 43%-ға төмендеген. 

Меншікке қарсы жасалатын қылмыс 65, тонау 20, қарақшылық 50, ал қоғамдық орындарда жасалатын бұзақылық 67 процентке азайған.

Қазір тиісті орындар жалған ақпарат таратпау қажеттігі туралы түсіндіруді үздіксіз жүргізуде. Соған қарамастан осындай 11 дерек тіркеліп, оның біреуі сотқа жолданса, қалған істер бойынша қысқа мерзімде тиісті процестік шешімдер қабылданды.

Бұған қоса, COVID-19 диагнозы қойылған адамдардың жеке деректерін таратқан 2 фактіанықталды. Бойынан дерт табылған науқас пен оның туыстары үшін мұның өте ауыр екендігі айтпаса да түсінікті. Дерек таратқандар табылып, оларға қатыстысотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,– дейді Талғат Айтбайұлы.  

.