04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 237

384 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 25 маусым,   Астана қаласы

«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі №309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

 

бұйырамын:
1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі №309 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7106 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы №360-367 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:
үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау рейтингін соңғы 5 жылдағы мәліметтердің негізінде айқындайды. Егер субъектінің қызмет кезеңі 5 жылдан аспайтын болса, онда бағалау рейтингі барлық кезең бойынша айқындалады».
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.А.Ырсалиев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр     Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 11 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8570 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар