04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы № 275

614 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 15 шілде,   Астана қаласы

«Балалар толық және жарты күн  болатын мектепке дейінгі шағын  орталықтар қызметін ұйымдастырудың  үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің  2006 жылғы 7 шілдедегі № 372  бұйрығының күшін жою туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес бұйырамын:
1. «Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 372 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4303 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 6 (1603) «Юридическая газетада» жарияланған).
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М. А. Әбеновке жүк­телсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Министр           Б. ЖҰМАҒҰЛОВ.