2013 жылғы 15 шілде, Астана қаласы
«Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 372 бұйрығының күшін жою туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес бұйырамын:
1. «Балалар толық және жарты күн болатын мектепке дейінгі шағын орталықтар қызметін ұйымдастырудың үлгілік ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 372 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4303 тіркелген, 2009 жылғы 15 қаңтардағы № 6 (1603) «Юридическая газетада» жарияланған).
2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурстарына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М. А. Әбеновке жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Б. ЖҰМАҒҰЛОВ.