04 Қыркүйек, 2013

Сирия әскері содырлардың көзін жойды

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Siriya askeriСирия астанасы Дамаскі қаласының маңында үкімет әскері мен қаруланған оппозиция құрылымдары арасында соңғы күндері қиян-кескі ұрыстар орын алуда. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Аль-Ватан» ақпарат қызметінің мәлімдеуі бойынша, Сирия әскері Кудси мен Эль-Хамм елді мекендеріндегі арнайы іс-шараларын сәтті жүргізіп, Дамаскінің солтүстік-батысындағы аудандарды өз бақылауларына алды.

«Джебхат ан-Нусра» тобының террористері Ливан шекарасының маңында қоршауға алынып қаза тапты. Сирия әскері «Думейр-Адра» тас жолынан өтіп бара жатқан содырларды тоқтатып, 40-тан аса экстремистің көзін жойды.

«Ас-Сафир» газетінің мәлімдеуінше, Сирия қарулы күштері Иордания аумағындағы арнайы лагерлерде дайындықтан өткен 300-ге жуық содырдың көзін жойған. Олардың арасында Сауд Арабия, Ливия, Иордания мемлекеттерінің жалшылары да бар көрінеді.

Дамаскіден солтүстікке қарай 165 шақырым жерде орналасқан Эль-Фаркалес қалашығындағы бақылау бекетінің жанында екі содыр автокөліктерді жарып, нәтижесінде екі әскери қызметкер қаза тапты. Оқиға салдарынан бейбіт тұрғындар, олардың ішінде екі бала жарақат алды.

Айдар Өрісбаев.