04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы №02-01-02/180

211 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2012 жылғы 27 желтоқсан,  Астана қаласы

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға           А.Байменов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағаның
2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-01-02/180 бұйрығымен бекітілген

«Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою»
мемлекеттiк қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттiк қызметінің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Рес­публикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне қою» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігімен көрсетілетін, әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадр резервіне алу бойынша мемлекеттік қызмет;
2) мемлекеттік қызметті алушы – жеке тұлға:
конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадр резервiне алуға ұсыным берген (бірақ әрбір бос лауазым үшін бір үміткерден көп емес);
мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағандар және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтар;
шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссиямен бекітілетін басым мамандықтар бойынша шетелдік доғары оқу орындарын бітіргендер;
кәсiби деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген;
аттестациялаудан өткен және аттестациялық комиссиялар кадр резервiне алуға ұсыным берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын азаматтарға көрсетiледі.
3) мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi – бұл мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң лауазымына орналасуға арналған Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ережемен айқындалған тәртiппен түзілген жүйелi тiзiмге олар жөнiндегi деректер енгiзiлген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрi – азаматтар).
3. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы):
1) конкурстық iрiктеуге қатысқан және конкурстық комиссия кадр резервiне алуға ұсыным берген;
2) мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлаудық және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағандар және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтар;
3) кәсiби деңгейін арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген;
4) аттестаттаудан өткен және аттестаттау комиссиялары кадр резервiне алуға ұсыным берген мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер болып табылатын азаматтарға көрсетiледі.
Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) және мекенжайлары Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Агенттіктің облыс­тар, Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы ереженің 26-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
7. Кадрлар резервіне қою туралы бұйрықта