Ал бұл күндері елімізде коронавирустық инфекцияның таралуына орай карантиндік және басқа да шектеу шараларын енгізілді.
Корпоративтік байланыстар департаментінің мәліметінше, компания бұл шектеулердің қазақстандықтардың көп бөлігінің өмір сүру және еңбек жағдайларына әсер еткенінен толық хабардар.
Сондықтан, компания тосын жағдайға тап болған отандастарымызға көмек көрсету туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын қолдайды.
Бастама нәтижесінде KAZ Minerals Тобы халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету үшін құрылған Birgemiz қоғамдық қорына 2,2 млрд теңге аударды.
Компания Павлодар облысындағы Бозшакөл даласының ашық кеніштерде, Шығыс Қазақстанда орналасқан кеніштерде мыс-алтын өндіруде
Қазір компания жұмысшылар мен өндірістің мүдделерін басшылыққа ала отырып, төтенше жағдай мен карантинге сәйкес бірқатар дағдарысқа қарсы шараларды белсенді жүзеге асыруда.
Өткен жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 311 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 38 мың тонна концентраттағы мырыш, 201 мың унция алтын мен 3,382 млн. унция күміс өндірілді.
Екібастұздағы Бозшакөл кен өңдеу қуаты жылына 30 миллион тонна кенді құрайды. Кен байыту комбинаты өндірісті 2016 жылы бастады.
KAZ Minerals-та шамамен 16 000 адам жұмыс істейді, олардың басым бөлігі қазақстандықтар.
Павлодар облысы,
Екібастұз