Спорт • 08 Сәуір, 2020

«Қайрат» футбол клубы ойыншыларының еңбекақысы 50% қысқарды

447 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Алматының «Қайрат» клубының ойыншылары мен бапкерлері және штаттағы қызметкерлерінің барлығының да сәуір айындағы еңбекақылары 50% қысқарды. 

«Қайрат» футбол клубы ойыншыларының еңбекақысы 50% қысқарды

Бүгінгі таңда барша жұрт коронавирус деп дүрлігіп жатқан тұста бұл бір құптарлық іс болды. Ең бастысы, осындай қадамға бару қажеттігі жайында бастама көтерген футболшылар мен бапкерлердің өздері екен. Олардың бұл шешімін басшылықтан бастап, қатардағы қызметкерлерге дейін бірауыздан  қолдады.

­– Қазіргі кезде күллі әлем жұртшылығы аса қиын кезеңге тап болып отыр. Коронавирус барлығымыздың үрейімізді алды. Қалалар карантиге жабылды. Бизнестен береке кетті. Спорттық сайыстар тоқтатылды. Біздің де доп теппегенімізге біраз уақыт болды. Осындай қиын-қыстау кезеңде барлығымыз бір жұдырық болып жұмылуымыз керек. «Қайрат» клубының басшылығы әркез өз ойыншыларына қолдау көрсетіп келеді. Ал әр жақсылықтың қайтарымы болуы керек. Біз де өз тарапымыздан саналы түрде осындай қадамға баруды жөн көрдік. Жақын арада індет сейіліп, бәрі де өз қалпына келетініне сенімдімін. Ел чемпионаты тезірек өз жалғасын тапса екен. Шыны керек, барлығымыз футболды қатты сағынып қалдық, – дейді «Қайраттың» қорғаушысы Раде Дугалич.