04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы №02-01-02/181

326 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

2012 жылғы 27 желтоқсан,  Астана қаласы

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы.Өтешев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға                А.Байменов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағаның
2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-01-02/181 бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына
 оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен көрсетілетін оқыту бойынша мемлекеттік қызмет;
2) жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарлама – кәсіптік бағдарламалары ғылыми және педагогикалық жоғары білікті кадрларды даярлауға және олардың ғылыми және пеагогикалық даярлық деңгейін дәйекті арттыруға бағытталған білім деңгейі;
3) магистратура – тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы;
4) докторантура – нормативтік оқу мерзімі 3 жылдан кем емес, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін бағдарламасы.
5) мемлекеттік қызметті алушы – жоғары (магистратура үшін) және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің (докторантура үшін) кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген жеке тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрып жатқан шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетуші орган атауы – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы РМҚК» (бұдан әрі – Академия).
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңдары, «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысы (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде жүзеге асырылады.
6. Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары  (магистратура, докторантура) бойынша білім алушылардың санына алу туралы жазбаша түрдегі бұйрықтан үзінді (бұдан әрі – үзінді) немесе оқуға қабылданудан дәлелді бас тарту мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті алуға мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының берілгенін растау Академия қызметкерінің осы регламенттің 12 тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау туралы есеп журналында тіркеуі және талон беруі болып табылады.

2. Мем лекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
7. Мемлекеттік қызмет Академияның ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат тәртібі: ғимаратқа кіру білім алушының куәлігі бойынша жүзеге асырылады.
Ғимаратта тәулік бойлы күзет бекеті, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары бар.
8. Мемлекеттік қызмет Академиямен жасалатын түсу емтихандарын жүргізу кестесіне сәйкес, алдын ала жазылусыз, жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Академияның www.pa-academy.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағында көрсетілген.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуы Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
12. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
1 кезең – оқуға түсу конкурстық емтиханына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы талон беру;
2 кезең – оқуға түсу конкурстық емтиханын табысты тапсыру;
3 кезең – конкурсқа қатысу;
4 кезең – білім алушы қатарына қаьылдау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипатталуы
13. Мемлекеттік қызметті алушы Академияның қабылдау комиссиясына Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қабылдау ережесіне, сондай-ақ осы регламентке 3, 4 қосымшаларына сейкес ұсынады.
14. Мемлекеттік қызметті алушы Академияның білім алушы қатарына қабылданғаннан кейін білім алушы куәлігі мен сынақ кітапшасын алады.
15. Әр әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) орындалу мерзімі көрсетілген әр ҚФБ-нің әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) бірізділігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік сипаттамасы осы регламенттың 1-қосымшасында келтірілген.
16. Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» регламентіне 1-қосымша

1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы
№    ҚФБ атауы     Рәсім     Мерзімдер    Құжат
1    Академия:
Техникалық хатшы
Қабылдау комиссиясы    Құжаттарды қабылдау    20 маусымнан 20 шілдеге дейін    
2    Академия:
Техникалық хатшы
Қабылдау комиссиясы    Есеп журналына тіркеу    20 маусымнан 20 шілдеге дейін    Қабылдау туралы талон беру
3    Академия:
Пәндік комиссия    Түсу емтихандарын өткізу    1 тамыздан 20 тамызға дейін    Емтихан тапсыру тізімдемесі

4    Академия:
Қабылдау комиссиясы    Конкурс өткізу    20 тамыздан    Қабылдау комиссиясының қабылдау туралы шешім хаттамалары
5    Академия:
Ректор, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы    Қабылдау туралы бұйрықты дайындау    31 тамызға дейін    Қабылдау туралы бұйрық

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» регламентіне 2-қосымша

Оқыту бойынша мемлекеттік қызмет процесі


«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» регламентіне 3-қосымша

ЖОЛДАМА
________________________________________________________________
(қызметкерді оқуға жіберетін мемлекеттік орган немесе ұйым атауы)

__________________________________________________________________
(қызметкердің аты-жөні, лауазымы, санаты)

__________________________________________________________________
(магистратура, докторантура, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі)
______________оқу мерзіміне________________________________________
                 (1 жыл, 2 жыл)
мамандығы бойынша оқуға жібереді.

____________________________________________оқуын ұйымдастыру
 (оқуға жіберілетін қызметкердің аты-жөні)
туралы үшжақты шартқа (Қабылдау комиссиясы оқуға қабылдау туралы оң шешім қабылдаған жағдайда) Академияға қабылдау туралы тиісті бұйрық шығарылғанға дейін қол қоюға келісімімізді білдіреміз.

___________________
(лауазымы)    _________________________            
(қолы)    _______________________________
(Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды бағыттауға құқығы бар тұлғаның аты-жөні)

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау» регламентіне 4-қосымша

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК

Академ ия ректоры
_______________________

_________________________________________________________________________________
        (аты-жөні)
__________________________________________________________________________ тұратын
        (тұрғылықты жерінің мекенжайы, телефоны)
__________________________________________________________________________________
Паспорт немесе куәлік мәліметтері__________________________________________________
______________________________________________________________________________

Өтініш

Мені ________________________________________________________________________
                           (магистратура, докторантура, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі)
_________________________________________мамандығына күндізгі оқу түрі бойынша бюджеттік/ақылы (қажеттісінің астын сызу) негізде, оқу мерзімі_______ жылға, оқуға түсу үшін қабылдау емтихандарына жіберуіңізді сұраймын.

Өзім туралы мына мәліметтерді хабарлаймын:

1. Туған күні (күні, айы, жылы)____________________________________________________

2. Ұлты, жынысы________________________________________________________________

3. Отбасы жағдайы ­­­­­­­­­­­­______________________________________________________________

4. ЖОО атауы___________________________________________________________________

Мамандығы  мен бітірген жылы____________________________________________________

Диплом бойынша жалпы рейтинг балы (диплом № көрсету)____________________________

5. Жұмыс орны __________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________

6. Лауазымы_____________________________________________________________________

7. Телефон нөмірлері: қызметтік_________________________; үй_____________________;

ұялы_______________________________; байланыс________________________________

8. Электронды мекенжайы________________________________________________________
9. Жалпы еңбек өтілі ____________,  оның ішінде мемлекеттік қызметте_______________

10. Саяси немесе әкімшілік мемлекеттік қызметші (қажеттісінің астын сызу)    

11. Санаты (әкімшілік мемлекеттік  қызметшілер үшін)_________________________________

12. Оқуға жіберген мемлекеттік органның атауы__________________________________
шығыс құжат нөмірі____________________________________________________________

13. Қай шет тілінен қабылдау емтиханын тапсырасыз (қажеттісінің астын сызу керек)?
– ағылшын тілі
– француз тілі
– неміс тілі

14. Мамандық бойынша қабылдау емтиханын тапсыру тілі:  
мемлекеттік тіл немесе орыс тілі
(қажеттісінің астын сызу)

15. Академияға түсу себебі_________________________________________________________
_________________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________________

Мен берген мәліметтерде кез келген бұрмалаушылықтар мен дәлсіздіктер болған жағдайда, бұл жайт мені Академияға қабылдау емтихандарына жібермеуге немесе оқу процесінде Академиядан шығаруға негіз болатындығы туралы хабардармын және бұнымен келісемін.
Академия___________________________________________________________________
              (магистратура, докторантура, Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі)
қабылдау Ережелерінің талаптарымен таныстым.

«____»________________20___ж.            Қолы _________________

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 желтоқсанда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8250 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар