Спорт • 08 Сәуір, 2020

Стадионға келетін адамдар саны шектеледі

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Германияның футбол лигасы (DFL) коронавирусқа байланысты тоқтатылған футболдан Бундеслига ойындарын жалғастыру жағын ойластыруда.

Стадионға келетін адамдар саны шектеледі

Неміс футболы басшыларының айтуынша, ел чемпионаты қандай жағдайда да өз мәресіне жетеді. Қазіргі кезде олар стадиондарға келетін адамдар санын шектеу жағын қарастыруда. Нақтылап айтсақ, коронавирус қаупі толықтай сейілгенше, стадионға 239 адам ғана кіре алады. Олардың арасында ойыншылар, бапкерлер және дәрігерлер бар. Сондай-ақ, 30 журналист және 36 телеарна өкілдері спорттық аренаға кіре алады. Әр команданың делегация мүшелерінің саны сегізден аспауы керек. Ал көрермендер мен вип-қонақтарға есік жабық.   

Естеріңізге сала кетейік, әзірге Бундеслига ойындарының 25 туры артта қалды. Көш басында – «Бавария». Мюнхендік клубтың еншісінде 55 ұпай бар.  «Баварияны» Дортмундтың «Боруссиясы» (51 ұпай) мен Лейпциг» (50 ұпай) өкшелеп келеді.