04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығы №02-01-02/183

279 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2012 жылғы 27 желтоқсан, Астана қаласы

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға              А.Байменов.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағаның
2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-01-02/183 бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызмет көрсетудің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген  «Қазақстан Республикасы Президентінің жанын­дағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Академия – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ.;
2) өңірлік орталық – мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтары;
3) регламент – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қайта даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызметі бойынша ішкі тәртіпті реттейтін нормативтік құқықтық акт;
5) мемлекеттік қызметті алушы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері;
6) сертификат – семинардың тақырыбын, оқу бағдарламасы мен өту мерзіміне сәйкес оқудың сағат санын көрсетумен мемлекеттік және орыс тілдерінде жазбаша түрде қағаз жеткізгішінде ресімделген және оған Академия ректорының/өңірлік орталық директорының қолы қойылып, елтаңбалы мөр басылған белгіленген үлгідегі құжат.
7) куәлік – курстың тақырыбын, бағдарлама мен оқудан өту мерзімдеріне сәйкес оқудың сағат санын көрсетіле отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазбаша түрде қағаз жеткізгішінде ресімделген және оған Академия ректорының/өңірлік орталық директорының қолы қойылып, елтаңбалы мөр басылған белгіленген үлгідегі құжат.
8) куәлікке қосымша – бекітілген (Академия/өңірлік орталық) нысанға сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз жеткізгішінде ресімделген, оған емтихан комиссиясы төрағасының, Академия ректорының/өңірлік орталық директорының қолы қойылып, елтаңбалы мөр басылған белгіленген үлгідегі құжат.
3. Мемлекеттік қызметті көрсетуші Академия мен өңірлік орталық атауы осы регламентке 1-қосымшада көрсетілген.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережелері; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының 2011 жылғы 17