04 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы № 70

509 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2013 жылғы 28 ақпан,   Астана қаласы

«Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуір­дегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына және «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
1. «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қа­рашадағы №308 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6630 тіркелген жә­не 2010 жылғы 20 сәуірдегі №144-146 «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген, Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесінде:
16-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) заңды тұлғалар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтаманы ұсынады.».
2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр        Б.ИМАШЕВ.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 28 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8354 болып енгізілді.