Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Бас дәрігер талабы: Қонаққа бармаңыз, қонақ шақырмаңыз!

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше облыстың бас санитариялық дәрігерінің № 7 қаулысы қабылданды. Осыған дейінгі карантиндік шаралар күшейтіліп, кейбір шектеулер талабы қатая түсті. Өйтпеске тағы болмай тұр – өңірде дерт жұқтырғандардың қатары сәт санап өсіп барады.

Бас дәрігер талабы: Қонаққа бармаңыз, қонақ шақырмаңыз!

Жаңа қаулыға байланысты облыстық тауарлар, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары, аймақтың бас санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн брифинг өткізді. Облыста тіркелген науқастардың шамамен 60-70 проценті жастар екен. Бұл негізінен дәрігерлердің ескертуіне құлақ аспай, сауық кешін ұйымдастырудан болып отыр.   

- Топтық жағдайлар көптеп тіркеліп жатыр. Бір ауылдан 25 сырқат шықты. Аурудың алдын алу шараларын қатаңдататын жаңа қаулы бойынша көшеде топтасып жүруге тыйым салынып отыр. Үй карантинін сақтаңыздар! Қонаққа бармаңыздар, қонақ шақырмаңыздар, - деді ол.

Тіпті, өлім-жітім жағдайында жиналуға шектеу қойылды. Өйткені сақтық шараларының бұзылуынан өңірде эпидемиологиялық ахуал одан сайын өршуі мүмкін. Қазір Қызылорда еліміз бойынша ауру саны жөнінен алдыңғы үш облыстың қатарында тұр.

 

Қызылорда облысы