Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда 2 167 адам вирус жұқтырғандармен байланыста болған

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған 2 167 адам анықталды.

Нұр-Сұлтанда 2 167 адам вирус жұқтырғандармен байланыста болған

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисықованың мәліметінше, олардың барлығы дер кезінде оқшауланып, ауруханаға жатқызылып, ағзаларында коронавирус инфекциясының бар-жоғына тексерілді. Бұл топта 131 вирусты жұқтыру жағдайы анықталды, бұл жалпы тіркелгендердің 60%-ы. 12%-ын вирусты жұқтырғандардың жалпы санынан әкелінген жағдайлар құрады.