Дәлірек айтқанда, «Сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастыруға рұқсат беру құжатын тапсыру» тармағы бойынша 37 қызмет көрсетілген.
Халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар арналармен, байланыс және электр қуатын беру жүйелерімен, мұнай құбырларымен және темір жолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беретін мемлекеттік қызмет 56 рет ұсынылған. Бұдан бөлек, «Кірме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуға келісу» тармағы бойынша 41 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қазақстанда төтенше жағдайдың жариялануына байланысты автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету штаттық тәртіпке сай жүзеге асырылып жатқандығын айта кету керек.
Еске салайық. 2019 жылы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ 906 мемлекеттік қызметті көрсеткен болатын.