Коронавирус • 08 Сәуір, 2020

Ақмолада тағы бір науқас анықталды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы деректерге қарағанда, 43 адам коронавирус дертіне шалдыққан. Оның үшеуі індет салдарынан өмірден өтті.

Ақмолада тағы бір науқас анықталды

Сәуірдің 6-ы күні Целиноград ауданында тұратын 1929 жылғы әйел адам опат болды. Бұл әйел осының алдында өмірден өткен 1947 жылғы ер адамнан жұқтырған болуы мүмкін. Коронавирус дерті сәуірдің 7-і күні зертханада анықталды. Марқұмның бірнеше созылмалы дерті бар екен. 2019 жылдың 1 наурызы күні кәріліктен жүрек соғысында өзгерістер пайда болған, үнемі төсек тартып жатқандықтан өкпесі де сыр берсе керек. Қайтар алдында демалуы қиындап, созылмалы аурулар бел ала бастаған.

Ағзасында коронавирус дерті бар сырқаттар облыстағы ауруханаларда және Нұр-Сұлтан қаласындағы №3 қалалық аурухананың инфекция бөлімінде емделуде. Қазіргі таңда облыс ауруханаларына 372 сырқат жатқызылған. Коронавирус дертіне Целиноград ауданында 36, Аршалы ауданында 3, Нұр-Сұлтан қаласында 3, Көкшетау қаласында 1 адамның душар болғандығы анықталып отыр.

 

Ақмола облысы