Кәсіпкерлердің демеушілігімен сатып алынған азық-түліктер шаһардағы Алатау және Наурызбай ауданының мұқтаж жандарына табысталды. Қос жүк көлігіне тиелген ең керекті деген азық-түліктер мен тұрмыстық тауарлардың салмағы 15 тонна тартады. Тұтас ел көлемінде қанат қаққан «Біз біргеміз» акциясы аясында ұйымдастырылған шара алдағы уақытта да жалғаса бермек.
– Бүгін 15 тоннадай азық-түлікті билік арнайы бекіткен жерге қоймаға тапсырып отыр. Алматы қаласындағы Алатау және Наурызбай аудандарындағы әкімдік өкілдері келіп оны мемлекеттік «Қазпошта» тасымалдау қызметінің көмегіне жүгіне отырып, мұқтаж жандарға табыстайтын болады, – дейді еріктілер.
АЛМАТЫ