Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Алматы: Жүргізушілердің жалақысы қысқармайды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда барлық қоғамдық көліктердің тең жарымы ғана жұмыс істеп жатыр. Жолаушылар ағыны да 80 пайызға төмендеген. Осыған орай қысқартылған жұмыс кестесіне көшкен метро қызметінде бүгінде барлығы 4 вагон ғана жұмыс істеп тұр. Олардың тазалық талаптарына сай болуы жіті бақылауда. Бұл туралы Алматы қалалық Мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телибаев мәлімдеді.

Алматы: Жүргізушілердің жалақысы қысқармайды

– Демалыс күндері қоғамдық көліктер 50% дейін азайтылды. Бір күнде 991 автобус жұмыс істеп жүр. Сонымен қатар, бір автобустағы орташа жолаушылар тасымалы күніне 100 адамнан аспайды. Ал бір айналымдағы жолаушылардың орташа ағымы 25 адам. Бұл, автобус салонына 12-13 адамнан көп отырмайды деген сөз. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында барлық автобустарда дезинфекция жұмыстары жүргізіледі. Оны маманданған клинингілік компаниялар жасауда. Автобустар түнгі уақытта және күндіз соңғы аялдамада толығымен залалсыздандырылады. Жолаушылар санының азаюы автобус жүргізушілерінің жалақысына әсер етпейді, олар карантин режиміне дейін қандай көлемде жалақы алып келсе, сол төленеді. Қоғамдық көліктің барлық жүргізушісі таңертең жұмысқа кіріспес бұрын медициналық тексерістен өтеді. Ол жерде қан қысымы, дене температурасы тексеріледі. Егер сол кезде жүргізуші денсаулығының нашар екенін айтса, бірден жедел жәрдем шақырылады,  – дейді Алматы қалалық Мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телибаев.

 

АЛМАТЫ