– Бұл құқықбұзушылық бүгін Әуезов ауданында болған. Субару көлігі Саин көшесімен оңтүстікке келе жатып полиция постындағы қызметкерлердің тоқтау туралы талабына құлақ аспаған. Онымен қоймай полиция қызметкерінің аяғын басып кеткен. Жүргізушінің артынан қуғынға түскен полиция оны Абай Алтынсарин көшелерінің қиылысында ұстады. 37 жастағы ер адамның көлігін тінту кезінде қару табылды. Қазір оған қатысты ҚР ҚК 379-бабымен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркелді. Сонымен қатар, бұл жігіттен пышақ табылды. Енді ұсталған жігіт қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Қызметтік міндетін орындау кезінде полиция қызметкерлерінің денсаулығына зақым келтіру немесе бағынбау қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескерткім келеді. ТЖ кезінде мұндай құқықбұзушылықтар қылмыстық ахуалды одан әрі ауырлата түседі, – дейді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Полиция қызметкерлерінің көлік жүргізушісіне қысым көрсетіп жатқанын бейнелеген бейнежазбаны желі қолданушыларының бірі өзінің facebook парақшасына жариялаған болатын. Бұған қатысты желіде қызу пікір білдірген азаматтар болған жайдың ақ-қарасын анықтауды талап еткен еді. Алматы полициясының баспасөз қызметі мәселенің мәнін түсіндірген болды.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше