Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Жетісуда жыл соңына дейін 938,8 мың шаршы метр баспана салынады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберіндегі құрылыс жұмыстары жалғасады. Бұл мақсатқа жету үшін  119 жоба жүзеге асып, оған республикалық және жергілікті бюджеттен 41,6 млрд теңге қарастырылды.

Жетісуда жыл соңына дейін 938,8 мың шаршы метр баспана салынады

Оның ішінде жалпы құны 30,2 млрд теңге болатын 52 жоба тұрғын үй құрылысын жүргізуге қатысты болса, 11,4 млрд теңгені құрайтын 67 жоба инженерлік инфрақұрылым жасауға арналған. Жалпы жыл соңына дейін өңірде 938,8 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. Соның 136,0 мың шаршы метрі немесе 1 714 пәтер  үй бюджет есебінен салынбақ. 

Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы» бойынша 977 жобаны жүзеге асыруға облысқа 109,2 млрд теңге бөлінген болатын. Оның ішіндегі 429 әлеуметтік салаға бағытталып отыр.

 

Алматы облысы