Аймақтар • 08 Сәуір, 2020

Дезинфекция дерттің таралуына тосқауыл қояды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында инфекция таралуының алдын алу үшін №66597 әскери бөлім қызметкерлері және арнайы мекемелер мамандары   бүгінгі күнге дейін жалпы көлемі 356 мың шаршы метр болатын 131 аумақты залалсыздандырды.

Дезинфекция дерттің таралуына тосқауыл қояды

Қаладағы қоғамдық көліктер, аялдамалар, теміржол мен автовокзалдарға, ірі кәсіпкерлік нысандарға, базарлар және адам көп жүретін көшелерге, көпқабатты тұрғын үйлер аумақтарына және әлеуметтік нысандарға дезинфекция жасалды.

Бүгін қаланың шет аумағы саналатын әл-Фараби, С.Торайғыров, Хон-Бен-До көшелері және тұрғын-үй аулаларында орналасқан балалар ойын алаңдары, аялдамалар мен қоқыс жәшіктері залалсыздандырылуда. Көшелер гипохлорид кальций ерітіндісі қосылған қоспамен, ғимараттар диохлорид ерітіндісі мен дезинфекцияланады. Бұл жұмыстар әрі қарай бекітілген кесте аясында тұрақты жүргізіліп отырады,– дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Біржан Далабаев.

Жалпы қалада дезинфекциялау жұмыстары 26 наурыздан басталып, әуелгіде теміржол вокзалы мен автовокзал маңайы залалсыздандырылған болатын.