Солардың арасында ең көп зардап шегіп отырған «Манчестер Юнайтед» екен. Олар 116,4 миллион фунттан (131 миллион евро) айырылғалы отыр. «Манчестер Ситидің» де жағдайы мәз емес. «Қалалықтардың» шығыны 109,3 миллион. Сондай-ақ, ең көп шығынға ұшырап отырғандар қатарында «Ливерпуль» (102,6 миллион), «Челси» (91 миллион), «Тоттенхэм» (83 миллион) және «Арсенал» (74,8 миллион) сынды клубтар бар.
Жаман індет Тұманды Альбион елін жайлағанға дейін Премьер-лига ойындарының 29 туры артта қалды. Жарыс кестесінде «Ливерпуль» жеке-дара көш бастап тұр. 82 ұпайды қоржынға салған Юрген Клоптың командасы қазірдің өзінде чемпиондық атақпен құттықтап қоюға болады. Өйткені, екінші орында келе жатқан «Манчестер Сити» басты қарсыласынан бақандай 25 ұпай кем жиып отыр.