Коронавирус • 09 Сәуір, 2020

Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 3 адам туралы ақпарат белгілі болды

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Атырау облысында COVID-19 жұқтырған 3 адам туралы ақпарат белгілі болды

Ауру жұқтырғандардың барлығы Атырау облысынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.  Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. 9 сәуірдегі жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 39 адам анықталды.