Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Алматылық әскерилер Bizbirgemiz акциясын жалғады

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұтас ел көлемінде қанат қаққан #Bizbirgemiz акциясына Алматылық әскери қызметшілер де ауқымды үлес қосуда. Қайырымдылық шарасын кезекті рет Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының ұжымы жалғады. Олар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қораптарын таратты.

Алматылық әскерилер Bizbirgemiz акциясын жалғады

– Әскери қызметшілер «Біз біргеміз!» акциясы аясында әлеуметтік жағынан осал жанұяларға азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды үлестірді. Әскери қызметшілер халықпен бірге және әрқашан қолдау көрсетеді, - дейді қайырымдылық акцияның маңыздылығын атап өткен әскери институттың бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков

Алдымен мұқтаж отбасылардың тізімі жасалған. Тізімге 15 ҰОС ардагерлері және бірқатар жағдайы төмен отбасылар енген.

«Әскери қызметшілерге шексіз алғысымды жеткіземін. Бүгінгі қиын кезде дәл осы көмекке мұқтаж едік. Бізді ұмытпай, елеп-ескеріп жүргендеріңе мың алғыс», - дейді  ҰОС ардагері Жаркошы Асқарбаев.