Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Жетісу меценаттары «Туған жер» бағдарламасына тұрақты үлес қосып келеді

398 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2017 жылдың көктемінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» аты мақаласы жарияланып, ізін ала ол еліміздің мәдени дамуына жаңаша серпін берген бағдарламаға айналды. Биыл осы бағдарламаның жүзеге аса бастағанына 3 жыл толып отыр.

Жетісу меценаттары «Туған жер» бағдарламасына тұрақты үлес қосып келеді

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы Жетісу өңірінде де жемісін беріп жатыр. Мысалға, 2017 – 2018 жылдар ішінде бағдарлама аясында 325 жоба мен іс-шара ұйымдартырылып, өткізілсе өткен жылы атқарылған жұмыс көлемі 585 жобаға сйыпты. Әуелгіде республика бойынша алғаш рет Талдықорған қаласында «Рухани жаңғыру» орталығы ашылып, қолданысқа берілді. Ал өңірде 3 жыл ішінде өткен 15 мыңға жуық шараға 1 млн адамнан астам тартылған. Жалпы, Жетісудағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге аса бастағалы «Туған жер» арнайы жобасы бойынша ауыз толытырп айтарлық іс атақарылыпты. Яғни, өңір меценаттары мен жекелеген демеушілер ауылдарды гүлдендіруге белсене кірісіп, туған жеріне деген патриоттық сезімдерін айшықтай түскен.

Деректерді термелесек, өткен 3 жыл ішінде жеке демеушілерден жалпы құны 15 млрд теңге болатын қаржы жиналып, ауылдарда 327 жоба іске асыыпты. Қазірге, «Туған жер» бағдарламасы бойынша ауылдарды көркейту ісіне Қарасай ауданында туып, өскен қалталы азаматтар көп үлес қосып отыр. Атап айтқанда, аудандағы «Батыр бабалар» мемориалды кешені, «Анаға құрмет» музейі, Тұңғыш Президент – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы, «Үшқоңыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жеке адамдардың қаржысына салынды. Сондай-ақ, меценаттардың қолтаңбасын Талғар ауданындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейінен, Панфилов ауданында Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына арналған «Ұлы жебе» мемориалдық кешенінен, Алакөл ауданында «Тарлан» дене шынықтыру - сауықтыру кешенінен, Кербұлақ ауданы Тастыбастау ауылында бастауыш сыныптарға арналған мектептен, Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында 100 орынға арналған балабақшадан және Еңбекшіқазақ ауданы, Ащыбұлақ ауылындағы балалардың ойын алаңы мен футбол алаңынан анық байқауға болады екен.

Демеушілердің қаржысымен тұрығ үйлер салынып, баспанаға мұқтаж адамдарды үймен қамту ісі де жолға қойылып келеді. Мәселен, «BN INVEST» қаржы-өнеркәсіп холдингі Қарасай ауданы, Шамалған ауылының тұрғындарына 17 үйдің кілтін табыс еткен. Жамбыл ауданындағы Ақтерек ауылының тұрғындарына да осы өңірдегі белгілі меценат, шаруа қожалығының басшысы Темірлан Шайнүсіпов 20 тұрғын үй салып берген болатын. Сондай-ақ, былтыр облыс кәсіпкерлерінің қолдауымен көпбалалы, аз қамтылған отбасылар үшін екі жүзге жуық пәтер мен жеке үй сатып алынған екен.

- Өткен жылы облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шамамен 1 млн адамды қамти отырып, 6784 жоба мен іс-шара өткіздік. Оның ішінде «Туған жер» жобасы аясында демеушілер мен меценаттарды тартып, құны 7,3 млрд теңге болатын 120 жобаны іске асырдық. Оның ішінде ең үлкен жоба ретінде«Үшқоңыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен аудандардағы 12 спорт нысанын айтсақ жеткілікті болар. Мұнан бөлек, мемлекет пен жекеменшік әріптестікті дамыту мақсатында былтыр білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, спорт және энергетика салаларында жүзеге асатын 15 келісім жасалып, жалпы сомасы 44,9 млрд теңге жеке инвестиция тартуға қол жеткіздік. Мұның барлығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар. Рухани жаңғыру» аты мақаласында айтылғандай, қалталы азаматтардың туған жеріне деген сүйіспеншілігі, патриотизмі арқасында мүмкін болған жұмыстар, - дейді облыс әкімі Амандық Баталов.

 

Алматы облысы