Бұл олқылықтың орнын толтыру үшін Kaspi.kz компаниясы қысқа мерзім ішінде жаңа қызмет түрін іске қосты. Енді қазақстандықтардың Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold шотын ашып, 42 500 теңге әлеуметтік төлемге шот нөмірін үйден шықпастан алуға мүмкіндігі бар.
«Қазақстандықтардың карантин кезінде жәрдемақы алу үшін шот ашуға банктердің бөлімшелеріне баратыны бізді қатты алаңдатып отыр. Біздің командамыз заманауи технологияларды қолданып, инновациялық қызметті рекордтық қысқа мерзімде іске қосты. Енді біздің сүйікті клиенттерімізге бөлімшеге барудың және кезекте тұрудың қажеті жоқ. Енді үйден шықпай-ақ, тікелей Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Gold шотын онлайн ашуға және жәрдемақы алу үшін шот нөмірін пайдалануға болады» дейді компания басшысы Михаил Ломтадзе.
Kaspi Gold шотын ашқан соң клиенттер тек 42 500 теңге мемлекеттік әлеуметтік көмекті ғана емес, Kaspi.kz-тің барлық қызметін қолдана алады. Мысалы, кез-келген Kaspi Gold-қа ақша аударып, Kaspi.kz-тегі 5 000-нан астам қызметке комиссиясыз төлеп, Kaspi.kz-тегі Магазинде зат сатып алады.
Қажет болған жағдайда Kaspi Банкоматтан Kaspi QR немесе ЖСН арқылы комиссиясыз ақша шешіп, шотты кез-келген Kaspi Банкомат немесе Терминал арқылы толықтыра алады.
Ал карантин біткен соң шот иелері Kaspi Gold пластикалық картасын кез-келген Kaspi.kz бөлімшесінен алып, дүкендерде карта арқылы зат сатып алуына болады дейді банк өкілдері.