Қазақстан • 09 Сәуір, 2020

Карточкаларға онлайн тапсырыс беру қызметі іске қосылды

383 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінгі төтенше жағдай кезінде төлем карточкасына банктердің бөлімшелеріне бармай-ақ жылдам әрі тегін тапсырыс беруге болады.

Карточкаларға онлайн тапсырыс беру қызметі іске қосылды

Қазіргі уақытта банк карточкаларына қашықтан тапсырыс беру және жеткізу бойынша қызметті бірнеше банк ұсынып отыр. Ол үшін белгілі бір банктің клиенті болу шарт емес. Тіркелген және карточкалық шот ашқан сәтте бастап клиент болу мүмкіндігі қарастырылған.

Ол үшін карточка алу үшін осындай қызметті ұсынып отырған сегіз банктің біреуін таңдау керек. Олар Halyk Bank, Jysan Bank, Eurasian Bank, Altyn Bank, Банк Хоум Кредит, Сбербанк, Forte Bank және АТФ Банк.

Ең маңыздысы карточканы банктер 1-2 күннің ішінде дайындайды. Алайда бұл қызмет түрі еліміздің барлық өңірлерінде орналасқан жоқ.