Полиция инспекторлары планшет арқылы азаматтардың жедел штабтың бірыңғай тізілімінде тіркелген-тіркелмегенін анықтайды.
– Бұл жұмысқа учаскелік полиция инспекторлары қатысады, олар қаланың қоғамдық көліктеріне тексеріс жүргізеді. Әр азаматтың деректері электронды түрде тексеріледі. Ақпарат болмаған жағдайда, шұғыл қажеттілік болмаса көшеде жүруге қатысты шектеулер туралы ескерту жасаймыз. Біз ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 476-бабына сәйкес талаптарды түсіндіреміз. Жергілікті полиция қызметкерлері тек жедел штабтың тізіліміндегі мәліметтерге сүйенеді. Бұл шаралар карантиндік режим аяқталғанға дейін жалғасады, – дейді Алматы қаласы ПД басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбеков.