Аймақтар • 09 Сәуір, 2020

Шымкентте қауіпсіздік сабағы қашықтан өткізілді

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин енгізілуіне байланысты Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларын қашықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылды.  

Шымкентте қауіпсіздік сабағы қашықтан өткізілді

Әл-Фараби ауданының ТЖ бөлімінің маманы азаматтық қорғау аға лейтенанты Н. Ерғали Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  барлық  жалпы орта мектеп директорларына онлайн түрде қауіпсіздік мәселелері бойынша сабақ өткізді.

Сабақ барысында өрт қауіпсіздік қағидалары, ауа райының өзгеруіне байланысты сақтық шаралары туралы айтылды.

Қауіпсіздік сабағына Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева, 35 мектеп, 45 балабақша меңгерушілері, олардың отбасы мүшелері қатысты. Өткізілген іс-шараға облыстық «Оңтүстік» телеарнасы ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етті. 

 

Шымкент