Қазіргі таңда Шымкентте қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету үшін банк бөлімшелерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Оған 41 полиция қызметкері мен 4 дәрігер жұмылдырылған.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қаламыздағы банк бөлімшелерінде барлық сақтық шаралары күшейтілген. Мәселен, «Halyk Bank» АҚ-ның Шымкенттегі 40-қа жуық бөлімшесінің алдында кезек күтетін арнайы жолақтар сызылған. Сондай-ақ Kaspi Bank бөлімшелерінің алдында да клиенттерге дәл осындай қолайлы жағдай жасалуда. Онда маскалық тәртіп қатаң сақталған, кеңесшілер қолғаппен жұмыс істеуде.
Шымкент