Мектеп мұғалімдері мен жетім балаларға арналған ұйымдар тәрбиешілерінің тығыз тандемі, тиімді шешімдерді таңдау, балалар мен ересектерді компьютерлермен, планшеттермен және басқа да гаджеттермен уақытылы қамтамасыз ету, балалар мен ересектерді алдын-ала дайындау қашықтан оқуды ауыртпалықсыз бастауға көмектесті.
«EL ARNA» және «Balapan» телеарналарында ұйымдастырылған бейне-сабақтарды, сондай-ақ Daryn.online, Kundelik.kz және Opiq.kz білім беру интернет-платформаларын пайдалануды балалар үлкен қызығушылықпен және ықыласпен қабылдады.
Балалардың денсаулығын сақтау үшін еріктілер топтарына, меценаттарға және басқа да бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған, үй-жайларда қолды өңдеуге арналған антисептикалық құралдар орнатылған, тұрақты негізде үй-жайларды желдету жүргізіледі, тәрбиеленушілердің жеке гигиенасын сақтауға бақылау күшейтілді, күн сайын медицина қызметкерлері балалардың температурасын өлшейді.
Сонымен қатар қызмет көрсетуші персоналдың балалармен байланысын барынша азайту үшін қызметкерлердің жұмыс кестесі өзгертілді, барлық келген қызметкерлерді медициналық тексеру және оларды жеткізу қамтамасыз етіледі.