Қоғам • 09 Сәуір, 2020

Алматының әкімшілік соты ТЖ режимін бұзуға қатысты 572 істі қарады

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде қалалық әкімшілік соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Алматының әкімшілік соты ТЖ режимін бұзуға қатысты 572 істі қарады

Карантин аймағын кесіп өткені үшін 208 азамат әкімшілік жазаға тартылған. Олар 5 тәуліктен 10 тәулікке дейін қамауға алыныпты. 93 құқықбұзушы 10 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 3 азамат ескерту алған. 

«Карантин мерзімінде әкімшілік жауапкершілікке 57 құқықбұзушы тартылды. Олардың 21-і 5-10 тәулікке қамауға алынса, 34-іне айыппұл салынды. 1 адам ескерту алды. Көшеде себепсіз жүрген 108 адам қамауға алынса, 174 адамға айыппұл салынған, 20 адам ескерту алды. Полиция қызметкерінің заңды талабын орындамағаны үшін 4 адам 5-30 тәулікке қамауға алынса, 1 адамға 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды» деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі. 

Әкімшілік жазаға тартылғандардың қатарында шаһардағы «Восход», «Эмиль» ресторан, «Центр шашлыка», «Barbeque» дәмханалары, «Loto Club» ойын залы, «Мечта Маркет» ЖШС, «Genеsys», «Ultimate» ойын клубтары, Sulpak ЖШС, «Arena-s» ЖШС, «Зуго» ЖШС, «Макон», «Фиссман» дүкені, «Любимая посуда» ЖШС, «Beauty group» сұлулық салоны, Шотанов ЖК, «Взлетка» түнгі клубы, «Gevon» ЖШС, Лото Клуб Макон, «Технодом», «Kifs» ЖК, «Бюро переводов БМ63» ЖК, «Даутова» ЖК, «Малика» асханасы, «Шебер» ТҚКС, «MAES» ТҚКС, «Вайлдберриз» ЖШС, Тлебалдиева B.A. ЖШС Shop, «Самат» ЖК, «Прайд» брайд, Байбульсинов ЖК, Excelshop спорт дүкені, «Бал-Мейр» қонақ үйі, «Столоффка» асханасы, «Salahuddin2 дүкені, «Alatau Salyk» ЖК, «OIL CENTER» ТҚКС секілді ұжымдар бар.