Қоғам • 10 Сәуір, 2020

Карантин кезінде алаяқтарға алданып қалмаңыз

194 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Fingramota.kz коронавирусқа байланысты түрлі ақша табу жолдарын қолға алған алаяқтардың саны артып келетінін ескертеді. Алаяқтар интернетте және әлеуметтік желілерде COVID-19 диагностикасы бойынша қызмет көрсету, әуе және теміржол билеттерінің, театр және концерттер билеттерінің құнын қайтару, 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік көмекті қоса алғанда, әртүрлі жәрдемақы алу туралы хабарландырулар таратып, өз арам пиғылдарын іске асыруды көздейді.

Карантин кезінде алаяқтарға алданып қалмаңыз

Алаяқтар өздерін қаржы ұйымдарының қызметкеріміз деп таныстырып, кредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыру, банктік шоттар ашу және банктерге, микроқаржы ұйымдарына, ломбардтарға өтініш беру бойынша қызметтерді ұсына отырып қарыз алушыларға хабарласады.

Алаяқтар коронавирус, қорғаныш құралдарын сатып алу немесе осы инфекциядан емдеу туралы ақпарат бар электрондық хаттарды белсенді түрде таратады. Осы электрондық хабарларда дербес деректерді енгізу немесе банктік операцияларды жүргізу қажеттілігі жөніндегі әртүрлі сілтемелер көрсетіледі. Осылайша, алаяқтар пайдаланушылардан жеке төлемдік деректерді алып қою үшін зиянды салымдар ашуды ұсынады. Киберқылмыскерлер де пайдаланушыларға инфекциямен күресуге қайырымдылық жасауды ұсынады және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның хаттарын жібереді, сонымен қатар төлем карталарының деректерін алады.

Алаяқтар Facebook, Instagram және Telegram сияқты әлеуметтік желілерде алаяқтық боттарды құрып, желі пайдаланушыларымен хат алмасуға кірісіп, олардың сеніміне ие бола отырып белсенділік танытады.

Бүкіл әлемде белең алып жатқан қаржылық алаяқтықтың кезекті түрі –жалған сайттар. Халық арасында ақы төленетін сауалнамалар жүргізетін бұл сайттар, шын мәнінде, әлеуметтік жобаларға қатысушыларға ақша төлемейді. Мұндай сайттардың схемалары шамамен бірдей. Азаматтарға сайтта тіркеуден өтіп, бірнеше ақылы сауалнамаға жауап беру ұсынылады. Қатысушыларға минут сайын, сағат сайын немесе жауап берген сұрақтардың саны бойынша ақы төлеу ұсынылады.

Алаяқтар жүргізілген сауалнамалардың демеушілері немесе тапсырыс берушілері ретінде танымал ірі компаниялар мен екінші деңгейдегі банктерді көрсетуі мүмкін. Осындай сайттардың көбі бірдей дизайнмен және қызметпен бір интерфейсте жасалғандықтан белгілі бір ұқсастықтары болуы мүмкін. Жалған сауалнама сайттарында тіркеуден өткен пайдаланушылар өз аккаунттарын жоя алмайды, олардың деректерін алаяқтар пайдалануы мүмкін.

Халықтың сауаттылығын арттыру орталығы төмендегідей кибер-гигиенаны сақтауға кеңес береді.

  1. Төлемдерді растау үшін пайдаланылатын парольдерді, кодтарды немесе конфиденциалды деректерді ешқашан ешкімге хабарламаңыз. Қауіпсіздіктің заманауи жүйелері басқа адамдарға парольдер мен кодтар берілмейтіндей етіп жасалады.
  2. URL-адресті тексеріңіз. Әсіресе таныс емес жөнелтушілерден алынған сілтемелерді тексеріңіз. Қаскүнемдер жазылуы бойынша ұқсас домендерді жиі пайдаланады.
  3. Конфиденциальды ақпаратты, мысалы парольді енгізу талап етілетін сайттарда HTTPS: // префиксінің болуын тексеріңіз.
  4. Заманауи браузерлердің көпшілігінде фишингтің жаппай шабуылына қарсы тұрудың тетіктері бар. Қауіптер туралы браузердің хабарламаларына назар аудару керек.
  5. Егер сіз ұйымдардың сайты немесе парақшасының фейктік екендігіне көз жеткізсеңіз, сол ұйыммен байланысыңыз және өз банкіңіздің интернет-банкинг жүйесінде төлем жасағыңыз келсе ақпаратты нақтылап алыңыз. Ең бастысы Банкке қоңырау шалып, ақпаратты нақтылап алған жөн. Есіңізде болсын, банк менеджерлері алдымен клиентке қоңырау шалмайды, сондықтан сізге қоңырау шалып, сіздің шотыңыздағы түсініксіз транзакцияларды бұғаттау үшін SMS арқылы келіп түскен кодты сұраса, телефонмен сөйлесуді аяқтап, сізге қызмет көрсететін банкке хабарласыңыз.
  6. Егер сіз күдікті сайтта тіркелген болсаңыз, онда жеке деректеріңізді қорғау үшін электрондық поштаңызды өзгерту керек.