– Естеріңізге сала кетейік, Алматыда коронавирусқа қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне алғашқы төлемдер басталды.
Қалада 500-ден астам дәрігер, 1,7 мың орта медицина қызметкері, 549 кіші медицина қызметкері және 764 өзге де денсаулық сақтау қызметкері өз төлемдерін алды.
Жалпы алғанда, 965 млн теңге сомаға 3557 медицина қызметкері үстемақы алады. Есептеулер 3 күрделілік санаты бойынша жүргізіледі:
1 (бірінші) тәуекел тобына COVID-19 коронавирусы бар пациенттерге тікелей медициналық көмек көрсететін реанимация бөлімшелері мен басқа да стационарларды қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері жатқызылған.
Осы тәуекел тобындағы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда биылғыы қаржы жылына белгіленген айлық жалақының жиырма еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды.
2 (екінші) тәуекел тобына провизорлық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, медициналық жедел жәрдем дәрігерлері мен фельдшерлері, оның ішінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар, сондай-ақ дәрігерлер мен санитарлық авиацияның орта медицина қызметкерлері тартылған жағдайда жатқызылған.
Осы тәуекел тобындағы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда биылғы қаржы жылына белгіленген айлық жалақының он еселенген ең төменгі мөлшерінен аспайды.
3 (үшінші) тәуекел тобына карантиндік стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері, медициналық жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілері, сондай-ақ зертханалардың мамандары, эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тікелей қатысатын санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлері, жіті респираторлық вирустық инфекциялары, пневмониясы бар пациенттерді қабылдауға және эпидемияға қарсы іс-шараларға байланысты биологиялық материалды алуға жұмылдырылған шұғыл стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің және медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының қызметкерлері, Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің аумақтық штабтарының мүшелері, сондай-ақ блок-бекеттерде карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау қызметкерлері жатады, деді Тілеуан Әбілдаев.
Қалалық балалардың жұқпалы аурулар ауруханасының медицина қызметкерлеріне төлемдер жүргізуге келсек, төлемдер 1 тәуекел тобының санатына сәйкес барлығына бірдей жүргізілмек.
АЛМАТЫ