Қазақстан • 10 Сәуір, 2020

Алматылық курсант бойжеткенді өлімнен құтқарды

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин күшіне енген күннен бастап шаһарда құқықтық құрылым өкілдері тынымсыз жұмыс істеп жатыр. Олардың сапында әскери институттардың курсанттары да бар. Бақылау бекеттеріндегі маңызды міндеттерге жұмылдырылған олар түрлі жағдайлармен бетпе-бет келуде.

Алматылық курсант бойжеткенді өлімнен құтқарды

Мәселен, Әскери институттың төртінші курс курсанты  Мейрамбек Найсекенов кезекшілік кезінде «Алтын Орда» маңында өзіне қол жұмсағысы келген бойжеткенді құтқарып қалды. Құрлық әскерлері Әскери институтының баспасөз қызметінің мәліметінше, ЖОО төртінші курс курсанты  Мейрамбек, азаматшаның әрекетін  алыстан байқап қалған.

«Қараңғыда көпірден секірмек болған қыздың сұлбасын көрген курсант ойланбастан құтқаруға ұмтылады. Ол бойжеткеннің қолынан ұстап, көпірдің сыртқы тіреуінен шығарып, қауіпсіз жерге апарады. Кейін өзінің қолбасшысына хабар беріп, қызды тыныштандыруға тырысқан», - деп мәлімдеді институттың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20