Спорт • 10 Сәуір, 2020

Лионель Месси: Кезінде Анридің бетіне тіке қарай алмайтынмын

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері «Барселонаның» сапында ойнап жүрген әйгілі аргентиналық футболшы Лионель Месси өзінің бір сұхбатында алдыңғы буын ағалары жайында жылы лебізін білдірген екен. 

Лионель Месси: Кезінде Анридің бетіне тіке қарай алмайтынмын

Каталониялық клубта өнер көрсеткен алғашқы кездері туралы баяндай келе:

«2007 жылы Тьери Анри «Барселонаға» ауысты. Екеуміз алғаш рет киім аустыратын бөлмеде жолыққанымызда, біраз сасқалақтап қалғаным рас. Тіптен, көзіне де тіке қарай алмадым. Осылайша, оған деген өзімнің шексіз құрметімді білдіргім келетін. Шын мәнінде Анри ғаламат ойыншы еді. Жасыл алаңда ол өзін тым еркін әрі жеңіл сезінетін. Допты соғуы да оңай, ойындағы интриганы өлтіру де еш қиындық туғызбайтын», - деп Месси ақтарыла сөйледі.

Францияның ұлттық құрамасының жұлдызды ойыншысы болған Тьери Анри 2007-2010 жылдары «Барселонаның» жейдесін киді. Сол аралықта 85 рет жасыл алаңға шығып, 35 гол соқты. Каталониялық клубтың сапында екі рет Испания чемпионы, ел кубогы мен суперкубогының иегері, Чемпиондар лигасының жеңімпазы, УЕФА суперкубогының иегері және клубтың әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.