Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Б. Сағынтаев: Алматыда 3,5 мыңдай медицина қызметкері алғы шепте жүр

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік парақшасында мегаполистегі медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, жігер беретін жазбасын жариялады.

Б. Сағынтаев: Алматыда 3,5 мыңдай медицина қызметкері алғы шепте жүр

«Бүгінде Алматыда денсаулық сақтау саласының 3,5 мыңнан астам қызметкері коронавируспен күресте алдыңғы шепте еңбек етіп жүр. Дәрігерлер, медбикелер, санитарлар мен фельдшерлер өз денсаулығына төнер қауіпке қарамастан, індеттің бүкіл қалаға таралып кетпеуін қадағалауда. Бұл күндері медициналық қызметкерлерді қолдау мақсатында олардың жалақысына үстеме ақы төлеу басталды. Бұл шешімді Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік комиссия қабылдаған еді. Мұндай көмекті үш тәуекел тобына жатқызылған медицина қызметкерлері алуға құқылы. Атап айтқанда, реанимация бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлері; провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем; карантиндік стационарлар, санитарлық дәрігерлер, жедел жәрдем жүргізушілері және басқалар. Төлемдер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ғаламат еңбек пен жанқиярлық ерліктеріңіз үшін ризашылық білдіремін. Жұмыста қалып, Сіздер, яки ақ халаттағы абзал жандар, балаларыңызбен туған-туыстарыңызды көрмейсіздер. Күш-жігер мен шыдамдылық серік болсын. Қала Сіздерді қолдайды!» деп жазды оқшауланған шаһардың басшысы.