Қоғам • 10 Сәуір, 2020

«Nur Otan» партиясы 4,5 мың алматылық жанұяға азық-түлік үлестірді

204 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні «#BizBirgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясы  4,5 мыңнан астам отбасын азық-түлікпен қамтамасыз еткен. Бұл туралы   партияның Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары Станислав Канкуров  мәлімдеді.

«Nur Otan» партиясы 4,5 мың алматылық жанұяға азық-түлік үлестірді

Осынау игі шараның  жүзеге асуына көптеген азаматтар үлес қосқан. Партияның демеушілігімен Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Арман Дүйсенов бастаған  отандық  эстрада өкілдері  аз қамтылған жанұяларға 2 500 дана азық-түлік жиынтығын үлестірген. 

 – «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында NOMAD MMA республикалық Федерациясы 80 жастан асқан жалғыз басты қарт адамдарды ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етуді ұйымдастырды. Ыстық тағамға бірінші және екінші ас, салат, нан және компот кіреді. Күнделікті 1000-ға жуық қарт адам ыстық тамақпен қамтылған, бүгінгі күнде   9 мыңнан астам түскі ас жеткізілді. Сонымен қатар, жас кәсіпкерлер Алматы қаласының барлық  27 блок-бекетінде жұмыс істейтін қызметкерлерді қолдауға ниет білдіріп, «Rixos Chemistry» компаниясы оларды 500 литр антисептик түріндегі санитарлық қорғау құралдарымен және ауыз сумен қамтамасыз етті. Мұндай игі істер өте көп. «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының атынан еліміз үшін осындай қиын кезеңде көмек қолын созған барлық азаматтарға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Қала тұрғындарын осынау қиын сәтте үйде қалуға, карантин режимін және қорғану шараларын сақтауға шақырамын, – дейді Станислав Канкуров.

Соңғы күндері  «Jas Otan» еріктілерінің мұқтаж жандарға көмек жеткізу жөніндегі қызметі уақытша тоқтатылуына байланысты санитарлық қорғаныс жиынтықтары орталықтандырылған түрде «Қазпошта» АҚ арқылы жеткізіліп келген.

«Қорғаныстың барлық санитарлық нормаларын сақтауға баса назар аударылды. Кәсіби курьерлермен жеке келісімшарттар жасалды. Санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес жұмысқа жұмылдырылған азаматтардың бәрі арнайы қорғаныс костюм, көзілдірік, қолғап және бетперделермен қамтылды», деп атап өтті партия өкілі.