Қазақстан • 10 Сәуір, 2020

СІМ Араб коалициясының Йеменде оқ атуды тоқтату шешіміне мәлімдеме жасады

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Араб коалициясының біржақты түрде 2020 ж. 9 сәуірден бастап екі апта мерзімге Йемен Республикасында оқ атуды тоқтату бастамасына қошемет білдіреді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

СІМ Араб коалициясының Йеменде оқ атуды тоқтату шешіміне мәлімдеме жасады

Біз бұл шешімнің йемен халқына COVID-19 коронавирустың таралу салдарына қарсы тұруға көмектесетініне, сондай-ақ оқ атуды түбегейлі тоқтату үшін қажетті жағдай жасауда және Йемендегі жанжалды жан-жақты қамтылған саяси жолмен реттеу бойынша келіссөздерді жандандыру жолындағы маңызды қадам болатынына үміт артамыз.