«Бұл киімдерді ішкі істер Министрінің тапсырмасымен қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ресурстары жасады. Бүгін бізде 280 жиынтық бар, алдағы уақытта олардың санын 350-ге жеткіземіз. Бақылау-өткізу бекеттерінде қызмет етіп жүрген Алматы гарнизонының қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері қорғаныс шапандарын киді. Күн сайын олар азаматтарментығыз байланыста болады, олардың арасында«қауіп тобына» кіретін адамдар да болуы мүмкін. Бұл полиция қызметкерлері медициналық қызметкерлермен қатар жұқтыру қаупі өте жоғары. Олар азаматтардың денсаулығын қамтамасыз етугеүлкен үлес қосады. Карантиндік шаралар басталған сәттен бастап ішкі тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін ішкі істер органдарының қызметкерлері периметрдің айналасында да, қала ішінде де медициналық маскаларды, бір рет қолданылатын қолғаптар мен антисептикалық құралдарды жекеқорғаныс құралы ретінде қолдана бастағанын атапөтемін. Полиция барлық қажеттіліктермен толық қамтамасыз етілген», дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы ҚанатТаймерденов.
Қалалық полиция басшысының айтуынша, Алматыдағы карантиндік іс-шараларға Полиция департаментінің жеке құрамынан, Ұлттық ұлан мен қорғаныс министрлігінен алты мыңға жуық адамтартылған. Әзірлеген 997 жаяу патрульдеубағыттарында 3 мыңға жуық адам қызмет етеді.