Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Алматыда бейне-қоңырауларға жауап беретін 50 оператор отыр

206 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы филиалының  2,5 мыңнан астам фронт-офисінің қызметкерлері 1414 нөмірі арқылы кеңес беруге бейімделген.

Алматыда бейне-қоңырауларға жауап беретін 50 оператор отыр

Оның ішінде Алматы қаласының 17 фронт-офисінің 150-ден аса қызметкері Азаматтарға қашықтан кеңес беруге жұмылдырылып, үйде отырып қызмет көрсетіп отыр. Бірақ, талап әдеттегідей, таңғы сағат 9-дан жұмысына кірісу керек және сағат 6.30-ға дейін жалғасу керек.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтің 80%ан астамын электрондық үкімет порталы арқылы онлайн алуға болады. Дегенмен, әрбір адам сайтта өз бетінше  жұмыс істей білмейді әрі қосымшаларды түсіне бермейді. Сондықтан кеңесшінің жұмысы өте маңызды.

Филиалда 1414 колл орталығының операторларынан басқа, бейне қоңырауларға жауап беретін онлайн-операторлары да бар.

Бүгінгі күні ЭЦҚ көмегімен барлық мемлекеттік қызметтердің 80% алуға болады. Сондықтан азаматтарға ыңғайлы болу үшін жақында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) онлайн алу сервисі іске қосылды. Карантинге байланысты көптеген азаматтар мемлекеттік қызметтерді үйде алу үшін мобильдік азаматтар базасында тіркелуі немесе ЭЦҚ-сы болуы тиіс. Ал тіркелгенде олардың сәйкестендіру рәсімін растау үшін Алматыда 50 оператор жұмыс істейді. Егер азаматтың телефон нөмірі мобильдік азаматтар базасында тіркелмеген жағдайда, жүйе оны ХҚКО операторымен байланыстырады, ол азаматты бейнебайланыс арқылы сәйкестендіреді, бірқатар қосымша сұрақтар,(құжаттардың деректерін, тіркеу орнын және т. б.) қояды.

«Қазіргі күні қоңыраулар өте көп түсіп жатыр. Кей кезде клиенттің жұмысын толықтай өзің жасап беруге тура келеді... Қызықты жағдайлар да болып жатады. Бір-екі күн бұрын Дышыбаев Мұхит деген бір танысым бейне- қоңыраумен хабарласып, маған түсті. Мұхит өзінің әкесін Mgov mobile-ға тіркегелі жүгінген екен. Ол кеңес беріп отырған мені көріп таң-тамаша қалды. Камераның алдында әкесімен бірге отырып, бейнебайланыста болдық. Біз үшін мұндай жағдайда тілдесу қызықты болды әрине. Әкесін тіркеп риза болған ол, көрсетілген қызметке алғысын білдіріп қоштасты», дейді Алатау аудандық фронт-офисінің маманы Қаламқас Іргебаева.

Г