43 жасқа дейін шаршы алаңды армансыз шайқаған Мичиган штатының тумасы ширек ғасырға жуық уақыт бойы кәсіпқой рингте күш сынасты. Сол аралықта 50 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 27 қарсыласын нокаутқа жіберді.Мейвезер өз дәуірінің барлық мықтыларын ұтты. Бірнеше салмақ дәрежесі және бірнеше нұсқа бойынша әлем чемпионы атанды. Оның есімі төрткүл дүниедегі теңдессіз боксшылардың бірі әрі бірегейі ретінде тарихта қалды.
Соңғы бәсекесін 2017 жылдың 26 тамызында өткізген Флойд ережесіз жекпе-жекті хас шебері, ирландиялық Конор Макгрегорды айқын басымдықпен ұтқан болатын. Содан бері үш жылға жуық уақыт өтті. Мейвезер не рингке шыққан жоқ, не спорттық карьерасын аяқтайтынын айтпады.
Күні кеше ол бапкерлік кәсіппен шұғылданатынын мәлімдеді. Осыдан біраз уақыт бұрын оның ағасы, кезіндегі кәсіпқой боксшы әрі жаттықтырушы Роджер Мейвезердің қайтыс болғаны белгілі. Флойд ағасының жолын жалғастыруды жөн көрген екен.