Аймақтар • 10 Сәуір, 2020

Covid-19: Алматыдан бір тәулікте 2 адамды алып кетті

871 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік парақшасында қала тұрғындарына тағы да көңіл айтуға мәжбүр болды.  

Covid-19: Алматыдан бір тәулікте 2 адамды алып кетті

Жұма күнгі алғашқы онлайн-жиын түнгі сағат 23.50-де Алматыда жасанды өкпе желдеткішінде ауыр жағдайда жатқан 1956 жылғы әйел адамның қайтыс болғаны туралы жайсыз хабардан басталғаны белгілі.

Бүгін кешкі сағат 18.30 кезінде 1963 жылы туған ер адам коронавирустық инфекциядан көз жұмды.

Марқұм бұрын індет жұқтарғандармен байланыста болған.  29 наурызда «Екі жақты полисегметарлы пневмония» диагнозымен жедел жәрдем арқылы стационарға жеткізілген және осы жерде бірден індетке анализ алынған.

1 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты өкпенің жасанды желдеткіші апаратына қосылған.

«Қарқынды ем-дом жүргізілгеніне қарамастан, тыныс жолдарының дерті, қан-тамырлары кеселі мен жіті бүйрек жеткіліксіздігі өрши түскен. Сондай-ақ, індеттің асқынуына пациенттің қант диабетінің екінші сатысындағы диагнозы қосарланған.

Бүгін 10 сәуірде өршіген полиоргандық жеткіліксіздіктен кешкі сағат 18.00-да жүрек соғысы тоқтады. Жарты сағат бойы жүргізілген жансақтау әрекеттер сәтсіз аяқталып, сағат 18.30-да көз жұмды», деді Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Марқұммен байланыста болған адамдардың барлығы да провизорлық стационарға оқшауланған.