ТӘЖТАЖАЛДЫ АЛАСТАУ
Қаптаған қаламызда қара вирус,
Сарнаған санамызда сан ыбылыс.
Жайратып салар мұны зұлпықардай,
Болсайшы қолымда бір дара қылыш.
Әй шіркін, есің болса елде нең бар?
Сенсіз де сандалған жұрт, кембағал бар.
Дүлейден үрей кешіп үйлерінде,
Қыбырсыз қалды қанша жанбағарлар.
Сірә да емессің-ау сен жарымес,
Дүбірің дүниедегі тегін емес.
Қазақтан "дана вирус" атын ал да,
Азырақ ақылға кел, жөніңе көш.
Коронавирус деген қара вирус,
Кептелгір көмейіңе қара бұрыш.
Зарлатып заман ақыр төндіргенше,
Болсайшы сау-саламат, дана вирус.
Әзелден адамзат пен Алаш қайғым,
Әй тажал, өлеңіммен аластаймын.
Жоғалып зым-зия сен кетер болсаң,
Жадымнан өшірем де, жақ ашпаймын.
Асуда аса соққан желменен көш,
Атырап, адыр-адыр белменен көш.
Сеспей қат ақыраптың аязында,
Сеңгірден ақтарылған селменен көш.
Жә, жетті, еткенің бұл елді сарсаң,
Жақсы атты боп қалуға жанды салсаң.
Қайтеді дана вирус атанып бір,
Халықтан қарғыс емес, алғыс алсаң...
«Егемен Қазақстан» газетінің ардагері, айтулы ақын Қорғанбек Аманжолдың жаһанды жайлаған індетке байланысты жазылған «Тәжтажалды аластау» өлеңін назарларыңызға ұсынып отырмыз.
Ұлытау облысында 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі
Экономика • Бүгін, 10:15
Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады
Экономика • Бүгін, 10:00
Азаматтардың мүддесі ескеріледі
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:40
Қылмыстық топтың тәркіленген мүлікті шетелдіктерге сату әрекеті әшкереленді
Қылмыс • Бүгін, 09:34
Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл күшейе түсті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:33