Экономика • 10 Сәуір, 2020

Елена Бахмутова қаржы нарығындағы жағдайға түсінік берді

247 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутова бүгін Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіндегі интернет-конференцияда  іскерлік белсенділіктің төмендеуі Қазақстанда ғана емес, жан-жағымыздағы елдердің бәрі бастан кешіп жатқанын айтты.  

Елена Бахмутова қаржы нарығындағы жағдайға түсінік берді

Дағдарысқа үкімет тарапынан қолға алынып жатқан шаралар, Ұлттық қордан халықты және  бизнесті қолдауға 5,9 трлн теңге бөлу бұрын-соңды болмаған фактор екенін журналистердің қаперіне салып өтуді ұмытпады.

«Дағдарыстың қанша уақытша созылатынын білмейміз. Халықаралық валюта қоры қазіргі жағдайды 2008-2009 жылдардағы дағдарыстан ауыр болады деп баға берді. Соңғы он жылдықтардағы жағдаймен салыстырар болсам,әлемнің жетекші елдерінің орталық банктері қабылдаған шаралар, дағдарыс пакетінің қаржылық қоры бұрынғы жылдармен салыстырғанда көп» деді Елена Бахмутова.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған дейін Қазақстанда бірде-бір адам мемлекеттің бақылауынсыз, қамқорлығынсыз қалмайтынын айтты. Сол сияқты төтенше жағдайдан зардап шеккендер бизнеске, ШОБ өкілдеріне салық жеңілдіктері, несие демалыстары берілді. «Бірақ ел арасында несиеге жеңілдік беруді  несиенің кешірілуімен байланыстыратындар бар. Бұл дұрыс емес. Қазақстандық банктер қазіргі қиын жағдайларға төтеп беруі банк клиенттерінің қаржылық сауаттылығына байланысты. Банктер, реттелетін субъектілер болғандықтан, олардың реттеуші қадағалайтын стандарттары бар» деп атап өтті Е. Бахмутова.

Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығының төрағасы   бизнестің жай-күйіне алаңдайтынын айтты. Себебі қазақстандық кәсіпорындар шетел валютасымен несие беруден ұзақ уақыт бойына аулақ болғанына қарамастан,   шетелдік валютадағы бірқатар міндеттемелерге ие. «Бұл бизнестің несиелік қабілетін нашарлатып, несие портфолиосының сапасына әсер етуі мүмкін» дейді ол.
Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының  төрағасы «биылғы жылы экономиканы несиелеудің өсуін күтуге бола ма?»  деген сұраққа ол «бұл мәселе карантиннің қаншалықты тез аяқталатындығына және халықтың жұмыс орындарына қаншалықты тез оралуына, ШОБ жұмыс істейтініне байланысты болады» деп жауап берді.  

Бірақ, төрағаның пайымдауынша, «Бизнестің жол картасы-2020» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының кеңеюі, сондай-ақ Ұлттық банктің айналым капиталын 8% мөлшерлемемен несиелеу бағдарламасын жүзеге асыруы ІЖӨ-ге де, экономиканың қалпына келуіне де оң әсер етуі керек.  

Сондай-ақ  «Курьерлерде зейнеткерлерге банктік карталарды жеткізуде қиындықтар туындап жатыр» деген сұраққа  Елена Бахмутова, «Шот ашылса, карта курьер арқылы қажетті нүктеге жеткізіледі. Мұндай қызметтер барлық дерлік банктерде жұмыс істейді. Бұл  карталарды тасымалдайтын курьерлердің қала ішінде жүруіне кедергі жоқ.  Барлық банктерде пластикалық карталарды жеткізетін курьерлік қызмет  бар », деп жауап берді.

Елена Бахмутова банк клиенттерінің шағын қаржы ұйымдары (МҚҰ) секторына кету ықтималдығы туралы туралы да айтып өтті. 

«16 наурызда елде төтенше жағдай енгізілді, клиенттердің банктерден онлайн-несиелік компанияға ауысқанын анықтау үшін бізге бір ай бойы жағдайды бақылауымыз керек. Алғашқы айда бұл құбылыс байқалмады. МҚҰ-ның қоржыны 350 млрд. теңге, ал банктердің қаржылық қоржыны 14,5 трлн теңге» дейді Е. Бахмутова.   

Соңғы апталарда бұқаралық ақпарат құралдарында «пайыздық мөлшерлеменің өсуі несие пайызыныңда өсуіне жол ашады» деген пікір жиірек айтылабастады.  Төраға бұл сұраққа жауап ретінде нақтыстатистикалық ақпарат болмағандықтан, несиелербойынша пайыздық мөлшерлеменің көтерілетінітуралы айтуға әлі ерте екенін айтты. Бірақ, оның түсіндіруінше, 2020 жылы 6 сәуірде Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені тағы 9,5% дейінтөмендеткенін ескерсек, банктерді қаржыландыруқұнын айтарлықтай арттыруға негіз жоқ екенінбілдіреді. «Сондықтан алдағы уақытта несие пайызының өсуін күтуге болмайды »,  деп түйіндеді Елена Бахмутова.