Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге көмектескен 14 азаматқа сыйақы берілді

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеу туралы «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев мәлімдеді.

Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге көмектескен 14 азаматқа сыйақы берілді

Талғар Серікбаев сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларына енгізілген жаңашылдықтарды хабардар етті.

«Енді сыйақы экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы көптеген елдердегі сияқты сараланған болады. Осындай қағидамен бүгінде Германия, АҚШ, Ұлыбритания және елдерінің құзырлы органдары қызмет етуде.

Үкімет қаулысының жаңашылықтарына сәйкес бұдан былай пара немесе келтірілген залал сомасы немесе көрсетілген қызметтер құны бір мың АЕК асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара немесе келтірілген залал сомасының он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен аспайды» - деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, ол көтермелеу адам берген ақпарат шындыққа сәйкес болса және айыпты адамға қатысты сот үкімі заңды күшіне енген жағдайда жүзеге асырылатындығын жеткізді.

Өткен кезеңде барлығы 14 адам көтермеленіп, олардың өтініштері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолдары кесілген болатын. 

Төлемдердің жалпы сомасы 2 млн. астам теңгені құрады.

Сонымен қатар, төтенше жағдай кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Е. Бахаев баяндады.

Сөз соңында қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілі тұрғындарды пара бермеуге шақырды. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда Департаментке немесе 1424 CaII-орталығына хабарласу қажеттігін мәлімдеді.