Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Алматының бас полицейі Call-орталықта кезекші

194 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов  карантинге байланысты құрылған жедел-желідекезекшілікте болды. Ол екі сағат ішінде 70-ке жуық тұрғынның сұрағына жауап берген.

Алматының бас полицейі Call-орталықта кезекші

16 наурыздан бастап Ішкі істер министрінің бұйрығымен ішкі істер органдарының барлық құрамы қызметтің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды. Бастапқыда «сенім телефонын» құру жоспарланбаған еді. Алайда, қала маңындағы жол тосқауылдарының жұмысы туралыазаматтардың сұрақтарының туындауы мүмкін екенін болжай отырып, байланыс мүмкіндігінше тезірек орнатылды және сол күні полиция қызметкерлері 254-40-07 бірыңғай нөмірін қолдана отырып, халықтың сұраныстарына жауап берді. Полицияның қызметтік модельге ауысуы туралыталап жаңартылды және оны ішкі істер МинистріЕрлан Тұрғымбаев жеке қадағалайды. Халықпен, әсіресе, ел үшін оңай емес уақытта өзара әрекеттесудің бұл түрі қажетті шара мен талапболып табылады. Төтенше жағдайлар мен карантиндік режим аяқталғаннан кейін де бізазаматтармен қарым-қатынас жасау үшін осы алаңды сақтауға мүмкіндік табамыз, – дейді Қанат Таймерденов. 

 Сондай-ақ полиция басшысы қала тұрғындары көбіне-көп қандай мәселелермен хабарласатынын тілге тиек етті.

 «Осы тәжірибеден мен келесі талдау жасай аламын: азаматтардың көбісі қала ішіндегі шектеу шараларына қызығушылық танытады, олардың ЖСН немесе автокөлік нөмірінің арнайы мәліметтер базасы арқылы карантин кезінде қалада жүруге рұқсаты бар-жоғын тексеруді, сондай-ақ, туысқандары ауырып немесе қайтыс болған жағдайда қаладан шығу немесе кіру туралы сұрайды. Қоңырау шалушылар білікті көмек немесе кеңестер алады. Айтпақшы, азаматтарматериалдық және әлеуметтік қолдау үшін біздің байланыс орталығымызға қоңырау шалып жатыр», дейді Таймерденов. 

Полиция департаментінің баспасөз қызметі келтірген мәліметке сәкес, 2020 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша Call-орталықтың телефондарынаазаматтардан барлығы 42 мың 583 қоңырау келіптүскен.

Карантин кезіндегі жағдайлар туралы – 18.072, қаланың периметрі бойынша жолтосқауылдарының жұмысы туралы – 6.415, қаланың сыртындағы тосқауыл пункттері жайлы – 3.873, қалада енгізілген шектеу шараларымәселелері бойынша – 7.017, Жедел штабтың дерекқоры арқылы азаматтардың көлік құралдары мен жеке куәліктерінің ЖСН нөмірін тексерусұрақтары бойынша – 6.521, ішкі істероргандарының қызметіне байланысты емес басқа сұрақтар (әлеуметтік және медициналық қолдау, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі және т.б.) – 685 қоңырау түскен.