Аймақтар • 11 Сәуір, 2020

Алматыдағы №12 аурухананың қос бөлімі карантинге жабылды

157 рет көрсетілді

Алматыда қызметкерлері  коронавирус індетін жұқтырды деп танылған №12 орталық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімі мен тағы бір бөлімі карантинге жабылды. Бұған дейін мекеменің 12 қызметкерінің инфекция жұқтырғаны анықталған болатын.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, осыған байланысты қалалық орталық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімі және тағы бір бөлім карантинге жабылды.

«Науқастарды қабылдау бөлімі мен бір бөлім дезинфекция жасау үшін жабылды. Індет жұқтырғандармен жақын байланыста болған қызметкерлер бақылауға алынды. Инкубациялық кезең 14 күн болғандықтан осы уақытта, яғни қызметкерлер кезекшілікте болған күндері байланыста болған пациенттер де іздестіріліп жатыр», - деді басқарманың баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Қазақстан • Кеше

Еленген ерлік

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар