Медицина • 12 Сәуір, 2020

Алматы: Жағдайы ауыр деп танылған екі науқас тәуір бола бастады

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ауыр жағдайда жатқан екі науқастың беті бері қарап, тәуір бола бастады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы: Жағдайы ауыр деп танылған екі науқас тәуір бола бастады

Екі адамның бірі 46 жастағы әйел. Ол 3 наурызда  2 жақты полисегментарлы пневмония, тыныс алу жетіспеушілігіне байланысты ауыр ағымы диагнозымен ауруханаға түскен. Тыныс алуы қиындап, қақырықты жөтел мен әлсіздік мазалаған науқастан  артынша қауіпті індет анықталған болатын.

Екінші пациент 1955 жылы туған. Оның да бойында дәл осындай ауру белгілері болған.

«Жансақтау бөлімшесінде екеуіне де короновирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес вирусқа қарсы, бактерияға қарсы терапия жүргізілді. Сонымен қатар, келесі оксигенотерапия, инвазивті емес ӨЖЖ, кеуде қуысының аппараттық вибромассажы және басқа да емдеу шаралары жүргізілді. Емделу кезінде өздерін жақсы сезінгендері, ентігу мен әлсіздіктері азаюы сияқты оң өзгерістермен пациенттер әдеттегі бөлімшеге ауыстырылды», – деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазіргі уақытта инфекциялық стационарда Алматы облысынан келген пациентті қоса алғанда, коронавирусы бар 99 адам емделіп жатыр.

70 науқастың жай-күйі – қанағаттанарлық, жеті адамның жай-күйі – ауыр, 22 пациенттің жағдайы  (1 облыстық) – ауырлықтың орташа дәрежесінде.